Әбдірашид Төлегенұлы Жүкенов 1959 жылы 27 қазанда Талдықорған облысының Герасимовка ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. 1985 жылдан ҚР Жоғарғы сот жүйесінде әртүрлі лауазымдарды атқарып келеді. 1988 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі. 1994 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының орынбасары. 1995 жылдан ҚР Жоғарғы сотының мүшесі. 1996 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2001 жылдан - ҚР Бас прокурорының орынбасары. 2005 жылдан ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының мүшесі. 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьясы. 2014 жылдың шілде айынан қазан айына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары болды. 3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, мерекелік медальдармен марапатталған.
Әбдірашид Төлегенұлы Жүкенов
Последние статьи автора