Абай Қабатайұлы Байгенжин

Абай Қабатайұлы Байгенжин 1947 жылы 27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, денсаулық сақтау жүйесінде түрлі лауазымдарды атқарып келеді, оның ішінде 1978 жылдан – 1983 жылға дейін – Алматы қалалық жедел медициналық көмек клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары; 1983 жылдан 1988 жылға дейін – Қазақ КСРО Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы  4-ші Бас басқармасы «Алатау» санаторийі бас дәрігері; 1988 жылдан 1993 жылға дейін – Алматы аймақтық диагностикалық орталықтың директоры; 1993 жылдан 1997 жылға дейін – Мемлекеттік аэрокосмос компаниясының вице-президенті; 1997 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ОМС қоры бас директорының орынбасары; 1999 жылдан 2003 жылға дейін – Астана қаласындағы республикалық клиникалық аурухананың директоры; 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ (ҰҒМО) Бас директоры.
Медицина ғылымының докторы, профессор. Жоғары санатты денсаулық сақтау дәрігер-ұйымдастырушысы. «Халықаралық денсаулық сақтау шебері» (1981 ж.), «ҚР еңбегі сіңген қайраткері» (2002 ж.), Еуропа жаратылыстану ғылымы академиясының академигі, Вена университетінің құрметті профессоры, Еуропа құрметті ғалымы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы президиумының мүшесі (2007 ж.) атақтарының иегері, «Еуропаның денсаулық сақтау саласындағы ең үздік топ-менеджері» сертификатына ие. 2011 жылы Халықаралық Сократ комитеті А.Қ. Байгенжинге «Әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін» белгісін табыстаумен, оның атын ХХІ жүзжылдығының көрнекті ғалымдарың әлемдік тізіліміне енгізумен, «Ғылымдағы аты» құрметті титулы берілді (Ұлыбритания, Лондон қ.).
«Парасат» орденімен (2007 ж.), халықаралық ордендер: «За честь, доблесть, созидание, милосердие», «Н.И. Пирогов», «Гиппократ», «Сократ», Королева Виктория беделді британ орденімен, Роберт Кох (Германия) медалімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста