Абай Мұхамедиярұлы Достияров
Абай Мұхамедиярұлы Достияров 1951 жылы 21 тамызда Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Демьяновка ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесінің энергия машина жасау факультетін инженер-механик мамандығы бойынша және 1981 жылы Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесінің аспирантурасын тәмамдаған. Техника ғылымдарының докторы (2000). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Шағын алаумен жанатын отын жағатын құрылғыларды әзірлеу және оларды есептеудің әдістемелері». Профессор (2001 жылдан). ҚР Жаратылыстану ғылымдарының академигі (2001 жылдан). «Отын жағатын құрылғылардағы шағын алаулы жану» монографиясының (Шымкент қ., 1999), «Автомобиль және экология» оқу құралының (Шымкент қ., 1999) авторы, «Көлік қозғалтқыштары және пайдаланылған газдардың уыттылығын төмендету» (Алматы қ., 1989), «Перспективалы жылу қозғалтқыштары. Стирлинг қозғалтқыштары» (Алматы қ., 1990), «Инженерлік іске кіріспе және мамандық» (Алматы қ., 1991), «Жылжымалы құрам және пойыздардың тарту күші» (Шымкент, 2004), «Тоңазытқыш машиналар мен қондырмалар және ауаны салқындату жүйелері» (Алматы қ., 2005), «Жоғары математика. Негізгі және арнаулы курстар» (Алматы қ., 2006) кітаптарының тең авторы. 44 авторлық куәлік пен патенттің иесі, оның ішінде: «Жаңарғы» (№793069, №802702, 1981), «Іштен жану қозғалтқышы» (№1432255,1988), «Жылу сырттан келетін қозғалтқыш» (№1420216, 1988), «Жылу алмасу аппараты» (2009). 1969 жылдан - Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесінің студенті.
1975 жылдан - Алматы энергетика институты жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының ассистенті. 1978 жылдан - Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесінің аспиранты. 1981 жылдан - Алматы энергетика институтының ассистенті, аға дәріскері, доценті. 1986 жылдан - Алматы энергетика институты жылу энергетикасы факультетінің деканы. 1991 жылдың қазанынан - Алматы автомобль жол институтының доценті. 1992 жылдан - Алматы мобиль-жол институты автокөлік факультетінің деканы. 1995 жылдан - ҚР Білім беру министрлігі жоғары орындары бөлімінің бастығы. 1996 жылдан - Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің проректоры 1998 жылдан - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры (Шымкент қ.). 2002 жылдан - ҚР БГМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру департаменті Мемлекеттік стандарттар, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары, бастығы; серіктес мұнай газдарының жануы барысында тиімді жаңарғыларды әзірлеу және өндіру жөніндегі фирмалардың бас кеңесшісі. 2004 жылдан М. Тынышбаев атындағы ҚазККА оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры; «EcoEnergoGaz» фирмасының бас кеңесшісі. 2006 жылдың наурызынан - «Спецтехсервис» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары (Астана қ.). 2009 жылдан бері - «КазТурбоРемонт Сервис Орталығы» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары «Білім» қоғамының мүшесі.
«КСРО өнертапқышы», «ҚР Білім беру ісінің үздігі»,«ҚР БГМ Құрметті қызметкері», «ҚР Ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен, Мәскеу қалалық комитетінің, ҚазКСР Жоғары және орта арнайы білім министрлігінің, ҚР Жоғары білім беру министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.