Абай Мұқашұлы Ескендіров 1983 жылы 24 қаңтарда Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Oxford Brookes University магистратурасын тәмамдаған.
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде қызмет етті. 2006-2008 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-ның жүйелі жобалар, корпоративтік даму департаментінің директоры, инвестициялар бойынша департаментінің директоры, басқарушы директор. 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2008-2011 жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарушы директоры. 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаментінің директоры.
Абай Мұқашұлы Ескендіров
Последние статьи автора