Абай Әбдісәметұлы Алпамысов 1969 жылы 11 маусым Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1998 жылы әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. 1994 жылы Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкінің ипотекалық кредиттеуді және екінші деңгейдегі бағалы қағаздарды дамыту бөлімінің бастығы. 1994-1995 жылдары Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкінің экономикалық талдау және қаржылық жоспарлау бөлімінің бастығы. 1995 жылы «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкінің Банк қызметін жоспарлау басқармасының Экономикалық талдау және болжамдау бөлімінің бастығы. 1995-1996 жылдары «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкінің пассивтік операциялар басқармасының бастығы. 1996 жылы «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкінің жоспарлау-экономикалық департаментінің директоры. 1996-1997 жылдары «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкінің Жезқазған облыстық басқармасының бастығы. 1997 жылы «ТұранАлем Банк» ЖАҚ активтерді және пассивтерді талдау басқармасының бастығы. Сол жылы «Казмет» ЖШС қаржы директоры. 1997-1998 жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы қаржылық дирекциясының қаржылық талдау департаментінің директоры. 1998-1999 жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының Атырау қаласындағы өкілдігінің директоры. 1999-2000 жылдары «Өзенмұнайгаз» ААҚ экономика мәселелері жөніндегі бірінші вице-президенті. 2000-2001 жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы президентінің кеңесшісі. 2003 жылы «Темір жолы» сауда үйі» ЖАҚ вице-президенті. 2004-2005 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараты басшысының орынбасары. 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры. 2006-2007 жылдары «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ басқарушы директоры. 2007 жылы «Kazyna Capital Management» АҚ басқарма төрағасы. 2012 жылдың 11 наурызынан 2013 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды. Қазір ҚР Баскетбол федерациясының президенті.
Абай Әбдісәметұлы Алпамысов
Последние статьи автора