13 қазан күні жаңағы жерді қайта қазып қарағанда шөлмек те, пакет те өз орнында, ал газет қалдықтарын мүлдем таба алмай қалдық.
Қала көшелерін аралаған кезде алдыңнан көп қоқыс шығады. Дегенмен пластик шөлмектерді кәдеге жарататындар да жоқ емес екен.
Көптеген балабақшалар өз ойын алаңдарында пластик шөлмектерінен көптеген бұйымдар, қажетті құралдар жасап қойған. Сондай-ақ, № 9 балабақшасында пластикалық шөлмектен жасалған пальма ағашын көрдік. Әдемі және пайдалы! Менің әжем тұратын аулада да көптеген заттар жасалған ,ол заттар ауланың сәнін келтіреді және ауладан өткен адамдарды қызықтырады.
Осыған байланысты мектепте «Экологиялық соқпақ» айын өткізуді ұсынамын. Бастауыш сынып оқушыларына ой-қиялдарына ерік беріп, бұйымдар жасау конкурсын ұйымдастыруды ұсынуға болады. Мен сол жобаға жазғы демалыс лагеріне арналған жиһаздарды жасауды ұсынғым келеді. Бұл жиһаздарды демалыс кезінде өз қолымызбен жасауға болады. Жазғы кезде адамдар ыстықта шөлдейді, сондықтан пластикалық шөлмектегі шырындарды, сусындарды жиі сатып алады. Мектеп лагеріне келген балалар да өздерімен бірге сусын ала келеді. Сол шөлмектерді жинап, өзімізге жиһаздар жасауға болады. Олар өте жеңіл , сәнді және тегін болар еді. Мен демалыс бөлмесіне диван, кресло, кереует жене табанға массаж жасайтын төсеніштер жасауды ұсынамын.