Балықшылар тіліндегі кәсіби диалект сөздер.

Балықшылар тіліндегі кәсіби диалект сөздер.

 Аннотация.
Мен Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің “Балықшылар тіліндегі кәсіби диалект сөздер” деген атпен зерттеу жүргіздім, соның ішінде балық шаруашылығындағы диалекті сөздерді зерттеп, өз баяндамамды ұсындым.
Еңбекте қазақ халқының шығу тегі, қазақтың халық тілінің қалыптасуы, қазақ тілінің диалектілерінің пайда болуы балық шаруашылығына байланысты диалекті сөздерді қазіргі жағдаймен салыстыра зерттедім.

Жұмыстың мақсаты:
Ұлтымыздың сөз қолданысын үлгі ете отырып бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру және Тәуелсіз Қазақстанға деген, тілге деген сезімін дамыту болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық мәнділігі өз қонысымыздағы балық шаруашылығына байланысты диалект сөздерді балықшылармен сөйлесу арқылы көптеген сөздерге салыстыру, жүйелеу, жинақтау жұмыстары жүргізілді.  Жетекші:Таткенова ГМ

Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Қазақ тілінің негізгі диалектілері.
ә) Ұлы ақын А.Құнанбаев поэзиясындағы диалект сөздер.
Қорытынды бөлім
Тұғыл қонысындағы балық шаруашылығына байланысты кәсіби диалект сөздер.
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе:
Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы диалектология – диалектос – сөйлеу говор, логос-ілім, дио грек сөзі – құраған деп аталады. Диалектінің міндеті –жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтың я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ал жалпы тілді тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды. Диалект теримні тілде жалпы-халықтық сипат алмаған белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын,өзіне тән тілдік ерекшеліктері бар аймақты, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық немесе ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады. Говор жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселе, Қазақстан көлеміндегі жерді қамтыса, говор- жергілікті жердің тілдердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.

Алыстан Алтай мен Тарбағатай шыңдарынан Оралдың Оңтүстік Шығыс баурайына, Ертіс, Есілдің екі жағалауы мен Тобылдың бас жағына дейін, Торғай мен Сарысу өзендері бойынан Қазалы мен Қызылордаға және Арыс өзенінің сағасына дейін қазақтың бес негізгі тайпасы: Керей, Найман, Арғын, Қоңырат және Қыпшақ қоныстанған. Осы күнгі әкімшілік болу бойынша аталған тайпалардың басым көпшілігі Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Семей обылыстарының жерін, Қостанай, Қызылорда және Талдықорған обылыстарының көп жерін мекен еткен. Шекаралары ортақ тайпалары ХІІІ-ХV ғасырдан бастап өзара одақтасып, бірыңғай орталыққа бағынған. Бұл біріккен туыс тайпалардың ортақ жергілікті диалектісінің қалыптасуына жағдай туғызды.
Алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларының басында Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаев тұрды. Олар қазақ халқы орыс халқымен достасып, оның мәдениетіне араласуы үшін бар күшін салады. Қоғамның погресшіл күштері олардың соңынан ереді.
XVIII ғасырдың 2-ші жартысынан-ақ (1789) орыс үкіметі Отарлау мақсатында Омск қаласында қазақ жастары үшін алғашқы мектепті ашқаны тарихтан белгілі. Содан былай мұндай мектептер жүйесі барлық болыстарға тараған. Жоғарыда айтылған алғашқы қазақ ғалымы Ш.Уалиханов, қазақ көркем әдебиетінің классиктері: Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаев осындай мектептердің түлектері болып табылады.

А. Құнанбаевтың бұдан басқа тағы екі-үш өлеңі тілі жағынан да, стилі жағынанда Шағатай ақындары шығармаларының үлгілеріне жақын. Орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын үйрену арқасында ол халық үшін жазу ерекшелігін, сонда ғана өз шығармашылығымен халыққа жақын тұра алатынын түсініп, тіліндегі “Шағатайизмдерден” тез арылды. Бірақ біз А.Құнанбаевтың тілінде араб-парсы сөздерімен Шағатайизмдердің белгілі мөлшерде сақталғанын жоққа шығармаймыз. Олардың кейбірі осы күні қолданудан шығып қалды, ал кейбірі қазақ тілінің негізгі сөздік қорынан орын тепті. Мысалы:
Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың өз танымас бір парасы.
Бұл шумақтағы үш сөз парсы тілінікі. Бұлардың ішіндегі пара – бөлім мағынасында. Осы күні бұл мағынада әдеби тілде қолданылмайды.Бұл сияқты кейбір сөздер тұрақсыздығына байланысты Солтүстік-Шығыс диалектісінің лексикасына кірмеуі де мүмкін. Ал надан, бишара сөздері қазақ тілінде беріп орын тепті.

Қазақ тілі лексикасының өткен ғасырлардың өзіне араб- парсы және орыс сөздерінің есебінен қаншалықты байығанын қазақ әдебиетінің классигі А.Құнанбаевтың шығармалары нақты дәлелдейді. Мысалы үшін ақынның бір өлеңін келтіремін:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім,
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілімен кеш сермедім.
Бұл махұрым қалмағы ма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

Абайдың 14 жолдан тұратын осы өлеңінде араб,парсы және орыс тілдерінен ауысып кірген 10 сөз бар.
Ғылым – араб сөзі.
Пайда - иран сөзі.
Махрұм – араб сөзі.
Адам- араб сөзі.
Медресе – араб сөзі.
Қызмет –иран сөзі.
Шен – орыс сөзі.
Дес – иран сөзі.
Еш – иран сөзі.

Жазалы – араб сөзінің жаза, түркілік – лы қосымшасынан.

Абайдың шеберлігі оның орысшадан қазақшалаған
аудармаларынан да көрінді. Ол А.С.Пушкиннің,
М.Ю.Лермонтовтың және И.А.Крыловтың бірталай
шығармасын аударғаны да беліглі.

Қазақ тілінің деректеріне қарағанда, қазақ тілінің Солтүстік–Шығыс және басқа диалектілері әдеби тіл қалыптасқанға дейін араб, парсы және басқа тілдерден көптеген сөздерді пайдаланған бірақ бұл жаңа сөздерді әр диалекті өзінше бейімдеп қолданған. Мысалы орыстың “кровать” сөзі батыс Қазақстанда керуерт. Оңтүстікте керует,ал Солтүстік Шығыста – кереует болып айтылған.
ХVIII ғасырдан бастап қазақпен орыстың арасында саяси және экономикалық қатынастардың дамуы нәтижесінде, қазақ тілінің әсіресе, Солтүстік Шығыс диалектісінде сөйлеушілердің, лексикасына орыс сөздері өте көп енді. Мәселе орыс сөздерінің қай жерде көп, қай жерде аз екендігінде емес. Мәселе жалпы бүкіл орыс экономикасы мен мәдениет жүйесінің қай жерде, соның ішінде қазақ қоғамының әр түрлі топтарына, көбірек әсері тигендігінде.

Сөйтіп, баяндалған жағдайлар және олармен байланысты Ресейдің экономикалық, мәдени ықпалы солтүстік шығыс обылыстардағы қазақтардың мәдениетіне неғұрлым нәтижелі әсер етті. Сол сияқты Тарбағатай ауданының Тұғыл қонысы балық шаруашылығымен айналысатыны бесенеден белгілі. Мені қызықтырған осы жағдай болды да балықшылар қолданылатын кәсіби диалект сөздерді зерттедім. Балық шаруашылығына байланысты көптеген орыс тілінен енген сөздер бар.

 

 

 

Әдебиеттер
Сәрсен Аманжолов «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері». Алматы Сөздік-словарь 2004 ж.
Н. Жүнісов «Халық тілінің жергілікті ерекшелігі» .
«Толковый словарь» С.И.Ожегов.  “Орысша-қазақша сөздік” М.Сергалиев.  “Школьный русско-казахский словарь” Алматы - Рауан 1990 ж. Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп.

Ш. Уәлиханов атындағыорта мектептің оқушысы Қанатұлы Қасымханның “Балықшылар тіліндегі кәсіби диалект сөздер” атты ғылыми жұмысына

Пікір.
Ғылыми конференцияға ұсынылып отырған “Балықшылар тіліндегі кәсіби диалект сөздер” атты ғылыми баяндамада Қанатұлы Қасымхан алға қойған мақсаттарын толық орындаған. Осы жұмысқа пайдаланған әр түрлі диалект сөздерді, деректерді жинақтап, саралап өз ойын,пікірін білдірген.
Зерттеуші тек құрғақ сөздерге сүйенбей,зерттеу барысында нақты деректерді, орынды қолдана алған. Қазақтардың шыққан тегі, басты тайпалары мен тайпалық одақтарының тарихы бойынша жинақталған материалдар,диалектілер жайындағы мәліметтер қортындылайды. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы,солтүстік- шығыс диалектіні жалпы сипаттау арқылы А.Құнанбаевтың рөлдерін дәлелдеу,сонымен бірге революцияға дейінгі баспа орындарының т.б рөлін анықтау арқылы баяндады.
Қасымхан өзінің зерттеу жұмысында нақты деректерге сүйене отырып, оның тәрбиелік мәнін, тілдің қызыметін қоғам талабына сай аша білген.

Жетекшісі:Таткенова Гүлназ Мұхтарбекқызы.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста