"Бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде Абай шығармаларын оқытудың маңызы"

"Бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде Абай шығармаларын оқытудың маңызы"

Жұмысты орындаған: Нәбиолда Дильназ №1 Теректі орта мектебінің 3- сынып оқушысы, Күршім ауданы.ШҚО
Жетекшісі: Кемешева Лаура Оралбековна 1-санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,ШҚМУ-нің педагогика магистрі

Ғылыми жетекшісі: Жылкубаева Амантай Шаймардановна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің филология ғылымдарының докторы, қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының профессоры

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қанша ғасыр өтсе де, өзінің құнды ойларымен, асыл сөздерімен қалың жұртының жүрегінде жатталған Ұлы Абай есімін бүгінгі жас ұрпақ та зердесіне тоқып, оның ғибратқа толы шығармаларынан тәлім-тәрбие мен рухани нәр алып өсіп келе жатыр. Бастауыш сынып оқулықтарына енгізілген ақын шығармаларын жүйелеп,оқушыларды Абай үлгісінде тәрбиелеу –ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа , биік адамгершілікке бастайтын жол болып табылады.

Ғылыми жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына ұлы ақын Абайдың шығармаларын оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің маңызын анықтау, «Ана тілі» оқулығына енгізілген ақын шығармаларын жүйелеу.

Зерттеу болжамы: Зерттеу гипотезасы ретінде бастауыш сынып оқулығына енгізілген ақын шығармаларына салыстырмалы талдау жүргізу арқылы , оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктері анықталады.

Зерттеу кезеңдері:
1.Облыстық Пушкин атындағы кітапханаға, аудандық кітапханаға бару.
2. Ұлы Абай мен «Ана тілі» пәніне енгізлген шығармаларының тақырыптарының жан-жақтылығымен танысу, соның ішінде толғандырған тәрбие мәселе жайындағы өлеңдерді топтастыру,ғылыми –әдебиеттерді,фильмдерді,кітапшаларды, өлең шығармаларды жинақтап оларға шолу жасау.
3. Ұлы Абай мен «Ана тілі» оқулығындағы өлеңдерін топтастырып, жас ұрпаққа тәрбиелік мәні бар «Адамгершілік әліппесі» атты кітапша жасау.
Эксперимент әдістемесі:
Ұлы ақын Абай шығармаларының бастамасын «Ана тілі» пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің маңызын анықтау.
Адамзат үшін ұрпақ тәрбиесі басты мәселе екенін білу.
Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
«Ана тілі» пәні оқулығына енгізілген ақын шығармаларына таладау жасалынды;
- Абай шығармаларының келешек жас ұрпақтың қоғамдық өмірде алатын орны мен өзектілігіне талдау жасалынды

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...

Оқушылардың білімі, мектептегі ең алғашқы оқулығы «Әліппеден» бастап қалыптасатыны белгілі. «Әліппе» баланы әріптердің ерекшелігімен таныстыра отырып, алғашқы білім нәрімен сусындатады.
1-сыныптың екінші жарты жылдығынан бастап қолымызға «Ана тілі» оқулығын аламыз. Оны 4 жыл оқимыз.Әр сыныптың жас ерекшелігіне байланысты күрделене түседі, тереңдей түседі.Ертегі-аңыздар мен қазақтың ұлы ақын-жазушылар шығармаларымен таныса бастаймыз.
Алғашқы 1-сыныпқа арналған оқулықта «Адам болам десеңіз» деген тарау бар.Осы тарауда ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин, ғалым-саяхатшы Ш.Уәлиханов және ұлы ақын А.Құнанбайұлының шығармашылықтарына арналған.
Соның ішінде Абайдың жастарға арналған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді берілген ,бұл өлең нағыз тәрбиенің үлгісін көрсетеді:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
-деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуга, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Сонымен қатар, 2-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығында «Білім керек бәріне» таруында ақынның «Күз» және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінің нұсқалары берілген. Абайдың тәрбиеге толы сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор
Өлең шумақтарының соңында сызба беріледі, тапсырмаларды оқушылар қызыға орындайды.

3- сынып «Ана тілі» оқулығында «Талаптан да, білім мен өнер үйрен»тақырыппен келетін бөлімінде М.Әуезовтің «Әке арманы» атты әңгімесі берілген. Абайдың ұлы Әбішпен сөйлескен сөздері, диалог түрінде берілген. Атқа мінбей, екеуі ғана ақырын жаяу басып келе жатады. Ұлының алдыға қойған мақсатын сұрап анықтайды, ұлының жауабына қанағаттанады. Мектеп салдырып,балаларды оқытуға кіріссем, білімге жетелесем деген тілегін білдіреді.
«Адам болам десеңіз» өлеңі берілген:
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғалым кім берер,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
-деп, жас ұрпаққа үндеу салады.Білімді болуға, ғылымға жақын болуға шақырады.
Ал, «Өшпес өмір өнегелері»деген тараумен берілетін 4-сынып оқулығында ақынның «Сабырсыз, арсыз, еріншек» атты өлеңі берілген:
Ақын өлеңінде адам бойындағы жағымсыз қылықтарды сынайды.Жақсы қасиеттерге жуық болып,жаныңды таза ұстауға дәріптейді. Салыстырмалы түрде тапсырмалар беріледі.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан «Жолда» атты шағын үзінді берілген. Бала Абайдың оқудан қайтқан кезеңі суреттеледі. Шығармамен таныстым, көңілімнен шықты.
Келешекте «Абай жолы» романын кезең-кезеңімен оқып, ақынның өсу жолын білгім келеді. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту, балалардың сана-сезіміне ерте жастан ненің жақсы,ненің жаман екендігін түсінуге зор ықпал етеді.
Мен өзімнің атам, жергілікті ақын, бес кітаптың авторы Набиолда Кемешевтің ақылын тыңдап өстім. Өз еркіммен оқи алатын бес жасымда атамның «Жүрекпен сырласу», «Ұрпағыма өсиет» кітаптарын оқыдым. Атамның өлеңдерінде өнеге, тәрбие барын білдім. Алты жасымда мектепке барғанымда Абай өлеңдерін оқып қызықтым, өлеңдерін жаттадым.
Абай арқылы оның шәкірті Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жылым-қой, жұлдызым-июль» өлеңін жаттап алдым.Менің байқағаным қазақтың ұлы ақыны Абай мен атам Нәбиолданың өлеңдерінде тәрбиеге толы үндестік бар.
Бірақ Абай заманында адамдарда болған ұнамсыз істер бүгінде орын алып жатқанын, атам Нәбиолданы толғандырады. Абай өз айтқанын тыңдамаған соң:
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп
Айтайын ептеп.
Сөзімді ұғар елім жоқ
Жолдасындай бақсының
Жалғыз қалдым –тап шыным!
Атам Нәбиолда :
Адамдықтың ақ сүтімен өсіп ем
Ақиқат пен шындық ескен төсімнен.
Тура сөйлеп туғаныма жақпадым.
Мылқау болып тумадым деп өкінем.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...

«Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі- бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, Абай мұрасы мәңгілік.
Соңында айтарым, барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ендеше ,біз бастауыш сынып ұландары Абай шығармаларынан үлгі ала отырып,адамгершілігі мол,саналы тәрбие мен сапалы біліммен қаруланған тұлға болып қалыптасып, Отанымыздың гүлденуіне өз үлесімізді қоса білейік деп ойымды аяқтағым келеді

Дильназ НӘБИОЛДА,
1-7 сыныптарға арналған
республикалық «Зерде» зерттеу
жұмыстары мен шығармашылық
жобалар сайысының облыстық
кезеңінде тілтану бағыты бойынша
1-орынға ие болған 3-сынып оқушысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста