Зорлық белгілері бар: Ақтөбеде жоғалған 4 жасар бала өлі табылды
Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахунов өлі табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ-ке сілтеме жасап.
Ғалым Байжанов, Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары:
– Іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 2018 жылы туған Данил Ахуновтың зорлықпен өлім белгілері бар мәйіті табылды. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, 4 жасар Данил Ахунов таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткені туралы 29 желтоқсанда хабарланған болатын. "Диапазон" басылымының мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.