Жезқазғанда жел музыкалық колледждің шатырын жұлып әкетті
Жезқазғанда аумағы 400-500 шаршы метр ғимараттың шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
«26 маусым күні сағат 16:25-те Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Күштер мен құралдарды басқару орталығының 112 диспетчерлік пунктіне Жезқазған қаласы, Байқоңыр көшесі, 17-үйге қатты желдің салдарынан залал келгені туралы хабарлама түсті. Жезқазған музыкалық колледжі ғимаратының шатыры жартылай бүлінген. 400-500 шаршы метр аумақты алып жатқан ғимараттың шатыры ұшып кеткен», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ деп қосты.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сол күні Жезқазған қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барған.