Еgovpress телеграм арнасы кәмелетке толмаған екі оқушы баланың жыныстық зорлық сипатындағы видеосын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Телеграм каналдың хабарлауынша, оқиға Талдықорған қаласында болған. 14 жастағы жасөспірімге қарсы заңсыз әрекеттер жасалғаны айтылады.
«Екеуі де бір мектепте оқитын, үлгілі оқушылардың қатарында» деп жазылған.
Видеода балалардың түрі жасырылған және дауыстары өзгертілген.
Видеоға қатысты Жетісу Полиция департаменті түсінік берген жоқ.