ҰҚК академиясы курсанты өлер алдында хат жазып қалдырған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты өлер алдында артына хат жазып қалдырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Хатта жазылғандай, студент жігіт бухмекерлік кеңсеге көп қарыз болып қалған. Хаттың мәтінін журналист Михаил Козачков телеграмм-каналында жариялады.
Студент өз-өзіне жатақхана жертөлесінде қол салған. Бөлмесінен курсанттың соңғы хаты жазылған блокнот табылған.
«Мен тағы қателікке жол бердім. Бұл жолы ешкімнің көмегіне үміт артпаймын, мен өз күнәм үшін өз өмірімді қиюға дайынмын. Жексенбіде қарызым бойынша бірінші өсімақы басталады, бұл мен үшін бәрі біткенін білдіреді. Ата-анам маған армандағанымның және сұрағанымның бәрін берді… Мен ойымқұмарлығымды өткен шақты қалдырғым келеді. Мен әбден қиналдым, үлкен шығынға батқан шағымда тоқтағаным өкінішті болды… Менің өліміме ешкімді кінәламауды сұраймын, қош болыңыздар», - делінген хатта.