Түркістан облысында 38 әйел келіншек жоғалып кетті
Түркістан облысында 38 жастағы келіншек жоғалып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
1 тамыз күні Мақтаарал аудандық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын 1985 жылы туған Гүлсім Нарджигитованың жоғалып кеткенін хабарлаған.
Туыстарының айтуынша, 31 шілде күні сағат 11:00 шамасында Дихан ауылына шыққан келіншек үйіне қайтып оралмаған.
Қазіргі таңда Дихан ауылында аудан әкімдігі мен прокуратураның, аудандық полиция бөлімі мен ауылдық билердің, мешіт имамдарының және ауыл әкімдерінің қатысуымен штаб құрылды.
Әйелдің белгілері жазылып, фотосуреттері көрсетілген ақпараттар барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілген.
Жергілікті тұрғындардан құрылған еріктілер де әйелдің баруы мүмкін бүкіл жақын аумақтарды тексеріп жатыр.
«Гүлсім Нарджигитованы іздеу жұмыстары 24 сағат бойы жүргізіліп жатыр. Оның бойы 160 см, орта денелі, шашы ұзын қара түсті. Үстіне қызыл көйлек, аяғына ақ түсті жазғы аяқ киім киген. Қызыл сөмкесі мен ұялы телефоны болған. Қандай да бір ақпарат болса, 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56, 102 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz