Бүгін Facebook әлеуметтік желісінде Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бұзақылардың ерекше мақсаттағы полиция жасағының сарбазын соққыға жыққан сәтінің видеосы жарияланды.
Видеоны Жандос Құрманбаев атты желі қолданушы жолдаған. Видеода сапппен келе жатқан ерекше мақсаттағы полиция жасағы сарбаздарының бірін бірнеше адам жабылып, тепкіге жыққан анық көрінеді.
Сарбазды ұрып жатқандардың қолдарында таяқ және арматура сияқты өзге де заттар бар.
«Терррористер таяқпен және арматурамен әскерилерді өлгенше ұрды. Алматы, 5 қаңтар, 15:40. Видео-айғақ»,-деп жазды желі қолданушы.
Автордың айтуынша, оқиға Алматының Сейфуллин мен Шевченко көшелерінің қиылысқан жерінде болған.