Тау шаңғысы курортында 16 жастағы жасөспірім ағашқа соқтығысып қайтыс болды
Оның тіршілік белгісі жоқ денесін екі демалушы орманнан тауып алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Жігіт Ақмола облысы Зеренді ауданындағы шаңғы базасына ата-анасымен бірге келген.
Алдын ала болжам бойынша бозбала ағашпен соқтығысып, есін жимай оқиға орнында көз жұмған.
«Жігіт Ақмола облысы Зеренді ауданындағы шаңғы базасына ата-анасымен бірге келген.
Алдын ала болжам бойынша, шаңғы трассасына түсіп бара жатып, ағашпен соқтығысып, құлап, есін жимай оқиға орнында көз жұмды» деп жазады sinegor.kz.
Шаңғы курортының менеджері оқиға туралы полицияға хабарлаған. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды» деді полиция.