Сол кездегі қорғаныс министрі Бектанов заңсыз бұйрықтар берген - бас прокурор
Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың "анық заңсыз бұйрықтар" бергенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Әскери сотта экс-қорғаныс министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдаулар жалғасып жатыр. Тергеу төтенше жағдай кезінде ол заңсыз бұйрықтар беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырды деп санайды", - деді Асылов Мәжілісте баяндама жасап.
Ол бұрынғы министрдің елдегі конституциялық тәртіпті қалпына келтіру шараларын қолданбағанын атап өтті. Тәртіпсіздікке шыққандар, әсіресе Алматыда әлдеқайда көп болды.
"Олар қоршауды бұзып өтіп, полиция мен Ұлттық ұланның күштерін басып, халыққа лаңкестік жасады. Соның салдарынан адамдар қылмыскерлердің қолынан қаза тапты, қалалар тоналды, өртенді. Сондықтан Бектанов жауынгерлік жағдайда билікті асыра пайдаланды (Қылмыстық кодекстің 451-бабы, 3-бөлігі. - еск.) деп айыпталады", - деді Асылов.
Оның әрекетіне түпкілікті құқықтық баға мен жаза шарасын сот анықтайды.