Ресейдің Қазақстанмен шекарасында ірі өрт тұтанды

Ресейдің Қазақстанмен шекарасында ірі өрт тұтанды

Ресейдің Алтай өлкесі Михайловск ауданында тұтанған ірі отты сөндіруге өрт сөндіру пойызы тартылды. Теміржол көлігі оқиға орнында жұмыс істеп жатқандарға 120 тонна су жеткізіп, арнайы техникаларды сумен қамтамасыз етеді - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап жазды.

Аталмыш оқиғаға қатысты мәліметті Батыс-Сібір теміржолының баспасөз қызметі таратқан.

 

13 сәуір күні сағат 13:30-да Ключевск орман шаруашылығының өрт-бақылау мұнарасының кезекшісі Қазақстан жағынан түтінді байқаған. Бұл туралы altapress.ru Алтай өлкесінің Табиғатты қорғау министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

 

От Қазақстанмен шекарада жалындап жатыр. Авиациялық орман күзетінің ақпаратына сәйкес, жалын 1 мың гектар аумақта оқшауландырылды. Өрт сөндірушілер оны 800 адам тұратын Бастан ауылынан 9 км жерде өшіре алды.

 

Тілсіз жаумен күреске 82 маман, 42 техника, соның ішінде түкұшақ, 4 автоцистерна, 24 өрт сөндіру техникасы, 8 трактор жұмылдырылған. Жағдайды екпінді жел қиындатып отыр.

 

Жалын үйлерге жақындаған жағдайда көмек көрсету үшін құтқарушылар Бастан ауылына және таяу орналасқан өзге де елді мекендерге жетті. Барлық халық өрт қаупі туралы ескертілді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста