Қыздың анасы арыз жазудан бас тартты: полиция оқиғаға түсінік берді
Алматы облысы Қырғауылды ауылында жеткіншек қызды көршісі байлап тастаған. Полиция түсініктеме берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мұны кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ашуланып істеген. Өйткені қыздың әке-шешесі бейнежазбадағы әйелге ақшалай қарыз болған. Бірақ күдікті баланы босатып қоя берген", - дейді ведомство.
Ал жәбірленуші қыздың анасы ауылдастарының үстінен арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызын ұсынудан үзілді-кесілді бас тартқан.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша ("Өзінше билік ету") Жамбыл аудандық полициясында тіркелген. Қажетті сараптамалық тексерулер жасалады дейді полиция.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz