Алматы полициясы бала ұрланды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде (қазір өшірілген) ер адам баланы көше бойымен жетектеп жүрген видео пайда болды.
Оқиға Абай мен Сайын қиылысында болғаны және ер адам қызды ұрлап кеткені хабарланған.
Бұл ақпаратқа Алматы полициясы пікір білдірді.
Тексеру нәтижесі бойынша хабарлама жалған болып шықты.
Қыз туған әкесімен көшеде қыдырып жүрген.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz