Құтырма ауру: Ақтөбе облысында карантин жарияланды
Ақтөбе облысында 4 жастағы баланы тістеген түлкіден құтырма ауруы анықталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
4 шілдеде болған жағдайдан кейін ауруханаға шұғыл жеткізілген баланың денесінде жара пайда болған.
Қазір оның жағдайы қалыпты.
«Емдеу 28 күнге созылады» дейді дәрігерлер.
А, түлкіні өлтірген.
Осыдан кейін шаруа қожалығында 21 күндік карантин жарияланды.
Ауылдан мал әкеліп, ет-сүт өнімдерін сатуға да тыйым салынып отыр.
– Аудандық инспектор Қобда өзенінен 10 шақырым жерде орналасқан «Ертемір» шаруа қожалығына шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылдады. Біз қазір бұл ауданда екпе салу мен сауықтыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Күлсара Жақыпова.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz