Қостанай облысында егіз бүлдіршіннің мәйіті табылды
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылында тұрғын үй өртеніп кетті. Салдарынан 3 жасар егіз бүлдіршін көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Вugin.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап жазды.
Қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта болған.
"5 шаршы метр аумақта ас үй бөлмесіндегі жиһаз жанған. Өрт орнында 2020 жылы туған екі егіз баланың денесі табылды. Оқиға туралы жұмыстан оралған әкесі хабарлады", - дейді ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті 4 өрт сөндіруші мен 1 арнайы техника сөндірді. Құтқарушылар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Болжам бойынша, өрт электр желісіне қосылған жылытқыштан болуы мүмкін. Ал балалар көміртегі тотығынан уланған дейді құтқарушылар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу