Қостанай облысында 7 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап жазды.
Баланың жоғалғаны туралы ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады.
Қарабалық ауылында 7 жастағы Ева Андреева жоғалып кетті. Полицияға қыздың анасы жүгінген. Оның айтуынша, 26 шілдеде сағат 23:20 шамасында Ева үйден шығып, жоғалып кеткен.
Бала қара шорты, қызғылт жейде, қызыл тәпішке киген.
"Ева Андрееваның қайда екені туралы білетіндерден "102", 3-26-02, 8-708-200-76-18 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz