Алматы облысында әйелдер арасында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, кейбір әйелдердің қолында бала бар.
Оқиға орнынан түсірілген видео жергілікті Instagram парақшалардың бірінде жарияланды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Қаскелең қаласында бүгін, 2023 жылғы 24 шілдеде болған.
"Төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталды. Олар полиция бөлімшесіне жеткізілді, олардан жауап алынып жатыр" – деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz