Қарағандыда 42 адам жаппай төбелес ұйымдастырмақ болған
Қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұрақта өзара қарым-қатынасын айқындамақ болған бір топ жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұрақ маңында өзара қарым-қатынасын айқындамақ болған бір топ жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды.
Полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді. Көліктер полиция басқармасының автотұрағына қойылды.
ҚР ҚК 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz