Павлодарда жоғалған 25 жастағы келіншек туралы тың дерек шықты
Павлодарда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 25 жастағы жергілікті тұрғын Әсем Тайлақова байланысқа шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
"Біз қуана-қуана жақсы жаңалықты жеткіземіз. Әсем байланысқа шығып, үйіне оралатынын хабарлады. Қыздың жағдайы жақсы. ...Құқық қорғау органдарына ерекше рахмет", - деп жазды еріктілер.
Айта кетейік, Әсем 5 шілдеде ағасына "кешіріңдер, суға батып кетемін" деген қорқынышты хабарлама жібергеннен кейін үйінен кетіп қалған. Осы сәттен бастап ешкім оны көрмеген.
Оның жоғалғаны туралы жұбайы хабарлаған. Қазір жастар ажырасу сатысында екені белгілі. Ерлі-зайыптының екі баласы бар.
Әсем Тайлақованы еріктілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және жоғалған адамның туыстары іздеген.