Павлодарда киелі жерге зиярат етуге кеткен әйел өлі табылды

Павлодарда киелі жерге зиярат етуге кеткен әйел өлі табылды

Павлодар облысында киелі жерлерді зиярат етемін деп, жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Халық үні сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға туралы павлодарлық «Вита» жасағының мүшелері хабарлады. Еріктілердің айтуынша, 36 жастағы әйел Шалдай орманындағы киелі жерлерге зиярат ету кезінде жоғалып кеткен.

 

«Бізге жоғалған әйелдің туысы қоңырау шалып, қаңтар айында әйелдің кішкентай ұлына аутизм диагнозы қойылғанын айтты. Әйел мұнымен келісе алмай, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттеніпті. Туыстары түрлі жолдармен көмектесуге тырысқан. Сосын әйелді Шалдайдағы киелі жерге апаруды жөн көрген. Нақты не болғанын білмейміз, бірақ әйел 9 сәуір күні сағат 15:00-де жоғалып кетті. Бізге жоғалғаны туралы ақпарат 19:48-де берілді. Бұл уақытта полиция оны іздеп жатқан», – деді еріктілер.

 

Жоғалған әйелді іздеу жұмыстарына полицейлер мен туыстарынан бөлек, құтқарушылар мен кинологтар да қатысқан.

 

«Біз де бір орында тұра алмай, әйелді іздеуге кірістік. Бірақ жоғалған жерге кіре берісте әйелдің өлі табылғанын естідік», – дейді еріктілер.

 

Полиция әйел өлімінің себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

 

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста