Өскемендегі Үлбі өзенінің жағасынан тағы бір адамның мәйіті табылды
Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінің жағасынан жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 маусым күні Өскемендегі Протозанов көшесінің бойындағы Үлбі өзенінің жағасынан жасөспірімнің мәйіті табылған.
«Хабар түсе салысымен полиция қызметкердері сол жерге келіп жетті. Қазіргі уақытта 14 жастағы баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық мән-жай анықталуда», - делінген ақпаратта.
Тиісті сараптамалар тағайындалған. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жасөспірім суицид жасауы мүмкін.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу