8 ақпан күні кешке тұрғындар гүрс еткен дауысты естіген
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтанда сыртқы істер министрлігі ғимаратының жанындағы тағы бір ғимарат құлатылғаны туралы видео тарады.
8 ақпан күні кешке сол маңайдағы тұрғындар гүрс еткен дауысты естіген.
Әлеуметтік желі қолданушылары үйінің қасында ұзақ уақыт бойы салынып жатқан құрылыс ғимаратының опырылып құлауы қандай әсер қалдырғанын жазып жатыр.
Олардың пікірінше, мұндай шара туралы халықты алдын ала хабардар ету керек және қас қарайған кезде өткізбеген жөн.