Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған екі адамның бірі қаза болды

Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған екі адамның бірі қаза болды

Маңғыстау облысында екі ер адам оталып тұрған көлікте ұйықтап кетіп, салдарынан біреуі қаза болды. Екінші адам облыстық ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Аikyn.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Облыстық полиция мәліметінше, оқиға 28 қаңтарда болған. Шамамен сағат 14:10-да Маңғыстау облысы Бекі ауылында жеке көлігінде бір ер адам көмірқышқыл газына уланғаны туралы қоңырау түскен.

 

Toyota Prado көлігінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ 38 жастағы ақтаулық тұрғынның денесі, сондай-ақ ес-түссіз жатқан тағы бір ер адам табылды.

 

"Көлікте 38 және 40 жастағы екі ер адам болғаны, олар оталып тұрған көлікте ұйықтап қалғаны, салдарынан біреуі қаза болып, екіншісі аудандық ауруханаға жеткізілгені анықталды. Бұл факт Маңғыстау облысының полиция бөлімшесінде тіркелді. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – деді полиция өкілдері.

 

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері 1984 жылы туған ер адамның жағдайын айтты.

 

"Науқас есін жиған жоқ, жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", – деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.

 

Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам ағайынды екен. Олар демалыс күні аңға шыққаны туралы айтылды.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста