2 қаңтар сағат 04:44-те Көкшетау қаласы ПБ-ға үйлердің бірінде жылыту жүйесінің екпіні болғандығы туралы хабарлама келіп түсткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.
Осы факті бойынша жедел-тергеу тобы мен берілген күштерінің шығуы жүзеге асырылды.
Келгеннен кейін пәтерде жылу құбырының жарылуы орын алғаны, нәтижесінде бөлмені ыстық су басып кеткені анықталды. Пәтер ішінен құлыптаулы болды.
ТЖД қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, пәтерге кіру қамтамасыз етілді.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің денесін тапты: үй иесі мен оның екі құрбысы.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдердің өлімінің себебі - күйіктен болған шок.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.