Көпқабатты үйде тұратын көршілерін терезеден жасырын видеоға түсіргендер желіде қызу талқыланып жатыр. Бейнежазба авторының кім екені әзірге белгісіз. Видеода көршілер би билеп, көңіл көтеруде, деп хабарлайды Экспресс К.
Көңілді көршілердің видеосы Tik Tok әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда күйеуі мен әйелі би билеп, көңіл көтеріп жатыр. Олардың әрекетін көрші үйден белгісіз біреулер жасырын түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бірақ бейнежазба авторларын сынап жатқандар көп.
"Біреудің өмірінде не шаруасы бар?", "Терезені жауып қою керек кешке. Құдай сақтасын, басқа бірнәрсе істеп жатса, таза масқара болған екен", "Күйеуі мен әйелі таза романтик екен", "Видеоға түсіргендерді жауапқа тарту керек", — деп түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.