Екібастұзда екі жасөспірім қыз балалы әйелге озбырлық жасады
Әйел адамның баласы да зардап шекті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде Екібастұз қаласының сауда үйінде ана мен балаға екі жасөспірім қыз озбырлық әрекет көрсеткені туралы белігілі болды. Лифтке ана мен баланы кіргізбей, дөрекі мінез-құлық көрсеткен.
– Қыздар бізді лифттің ішіне кіргізбеу тұрды. Мен ескерту айтқан кезде, олар маған айқалап, дөрекілік таныта бастады. Менімен бірге лифтте адамдар тұрған еді, – деп жазды хабарламаның авторы .
Бұл қылықты бейжай қалдырғысы келмеген ана баласын күзетшіні шақыру үшін жіберген. Сол кезде екі қыз бала қашқысы келген, алайда әйел адам оларды ұстап алуға тырысқан. Бұл уақытта олар әйелді тырнай бастаған, ал келіп жеткен жеті жасар баласы анасын қорғап қалғысы келген. Екі жасөспірім қыздың біреуі ұл баланың ішінен тепкен. Осыдан кейін әйел адам полицияға барып, арыз жазған. Облыстық полиция департаменті аталған факт бойынша түсініктеме берді.
– А. тұрғынының өтініші тіркелді. 14-15 жас аралығындағы кәмелетке толмаған екі қыздың жеке басы анықталды. Олардың ата-анасымен жұмыс жүргізілетін болады, - деп хабарлады департаментте.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандар оқитын оқу орындарында олардың мінез-құлқы талқыланатын алдын алу кеңесінде қарауға шығарылады.Соңғы шешім тексеру жүргізілгеннен кейін қабылданатын болады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz