Сырдария ауданы, Тереңөзек ауылында қайғылы оқиға орын алды. Әжетханаға құлап кеткен екі жасар бала тұншығып мерт болды деп хабарлайды NUR.KZ.
Сәбидің мәйітін туыстары алып шыққан.
Қазір арнайы мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Біз ата-аналардан баланы қараусыз қалдырмауын сұраймыз. Бұл - олардың өмірі үшін қауіпті. Балалар жалғыз қалған кезде көп жағдай қайғылы аяқталады», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметі.