Бурабайда тауда суретке түспек болған бойжеткен жардан құлап көз жұмды

Бурабай курорты аумағында Бөлектау тауынан әйелдің құлап, мерт болғаны туралы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиға 11 маусымда болған. Анықталғандай, қайтыс болған әйел бір күн бұрын отбасымен бірге Астанадан Бурабай ауданына келген. Бөлектау тауының шолу алаңында суретке түспекші болған кезде төмен құлап, тасқа соғылған.

«Адам өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарына демалуға барғанда сақ болуды және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

ҚазАқпарат.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста