"Бүкіл дәрігер жылады": Есікте зорланған бүлдіршіннің жағдайы белгілі болды

Танымал құқық қорғаушы, "Немолчи.kz" қорының Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Есік қаласында зорланған сәбидің жағдайы туралы хабарлады. Анықталғандай, қыз тіпті төртке де толмаған, үш-ақ жаста болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Баланың қазіргі жағдайы туралы ақпаратты ол жатқан ауруханадағы жасырын дереккөздер айтқан. Сәбидің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлерге жеткізілген сәтте оны құтқарып қалу мүмкіндігі тым аз болған.

 

"Бөлімдегі бүкіл дәрігер жылады. Бала шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Ол жақта дәрігерлер өлім аузында жатқан қызды ерлікпен аман алып қалды. Сәби қазір анасымен бірге палатаға шығарылды. Дәрігерлерге көп рахмет!" – деп жазады құқық қорғаушы.

 

Дина Таңсәрінің айтуынша, бүлдіршінді алыс туысы зорлаған. Сондай-ақ полицейлер әйелге күдіктінің қылмыс үстінде ұсталғанын, оның қатты мас күйде қан-жоса болған баланың қасында ұйықтап қалғанын айтты.

 

Еске салайық, оқиға 14 сәуірде болған еді. Полиция департаментінің өкілдері 43 жастағы ер адамның қызды зорлағанын растады. Бұған дейін қыз төрт жаста деп хабарланған болатын. Ер адам бірнеше күннен бері баланың отбасында қонақ болып жатқан.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста