Атырауда эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертте 172 бала жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасаап.
Эстрада жұлдыздарының гала-концерті 28 сәуір күні өтті.
Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен. Оның 125 жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер.
Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды