Астаналық полицейлердің әрекеті желі қолданушыларын екіге жарды

Желіде астаналық полицейлердің көлік жүргізушісінің басын қысып ұстап,  күш қолданған әрекеті пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға куәгері тәртіп сақшыларының көлік жүргізушілерінің бірін күштеп ұстап, полиция көлігіне тиеп жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.

 

Желі қолданушылары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аталған әрекетін сынап, оларды өз қызметін адал атқаруға шақырған.

 

Белгілі болғандай, бейнежазба Instagram-дағы kris.p.astana парақшасында пайда болған. Куәгер оқиғаның  Уәлиханов көшесі 23/1 мекенжайы бойынша, мешітке қарамас қарсы жерде екі көлік соқтығысып қалғанын, осылайша оқиға орнына полицейлер жеткенін айтқан.

 

"Ер адамға қатысты түсініксіз әрекет, полицейлер тіпті көлік жүргізушісін тыңдағысы да келмейді", - деп атап өткен ол.

 

Сонымен бірге жазбада көлік жүргізушісі өз кінәсін толық мойындағанын, алайда тәртіп сақшылары оның сөзіне құлақ асқысы келмейтінін жазылған.

 

"Кінәлі өз кінәсін мойындап тұр, қашып да жатқан жоқ, бірақ оны саналы түрде ешкім тыңдағысы келмейді. Қанша дегенмен бұлар тәртіп сақшылары ғой, жай адамдар емес... Ер адам тіпті "өтінемін" деп мәдениетті түрде полицейлерден сұрап тұр, бірақ оны тыңдайтын полицейлер жоқ", - деп жазған бейнежазба авторы.

 

Аталған видеоға қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылған. Олардың бірі полицейлердің әрекетін даттаса, енді бірі жақтап шыққан.

 

"Полиция қызметкерлері осылай адамды қысып ұстай ма екен? Ұят қой", "Бәлкім ер адам мас шығар, мас болса онда тек осылай ғана сөйлесу керек мұндайлармен", "Шаш ал десе, бас ал деген осы шығар", "Тамыр-таныспен осылай қызметкерлерді алып алады, сосын жүреді, осындай қылықтарын ақтай алмай... Осыдан кейін кім сыйласын полицейлерді?", "Шын мәнінде не болғанын кім білсін, жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды дегендей" деп жазды олар.

 

Аталған оқиғаға қатысты елордалық полиция департаменті пікір білдірді.

 

"Осы жылдың 5 ақпан күні үй ауласында автокөлігіне зақым келгені туралы тұрғыннан шағым келіп түсті. Полиция қызметкерлері келген бойда, ер адамның ішімдік ішкенін, осылайша құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсеткенін анықтады. Осыған байланысты, ер адамды ұстау мақсатында, полицейлерге физикалық күш көрсетуге тура келді. Қазіргі таңда заң бұзған ер адам қамауға алынды әрі Астана қ. Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына жеткізілді. Сонымен бірге ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп мәлімдеді олар.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста