Астанада әйел адам кішкентай қызды көшеде аяусыз ұрып-соққан
Әлеуметтік желілерде анасының кішкентай қызын ұрып-соққан сәті таспаланған видео тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Кадрлардан сөмке асынған бүлдіршіннің анасының соңынан жылап келе жатқанын көруге болады. Әйел баланың жылағанына қарамастан, ұруды, айғайлауды тоқтатпайды.
Біраз уақыттан кейін анасы тіпті қызын теуіп жіберуге дейін барған. Әйелдің аяғы сөмкеге тиіп, қатты соққыдан бүлдіршін ұшып түскен.
Алайда мұнымен тоқтамай, қатігез ана баласының басынан, денесінен сөмкемен төрт рет ұрады.
Видеоға қатысты пікір білдірген қазақстандықтар әйелді тауып, оны барынша қатаң жазалауды талап етті.
Бейне авторлары бұл оқиға Астанадағы «Фламинго» тұрғын үй кешені маңында болғанын мәлімдеді.
Полицияда видеоға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz