"Анамды күтемін": Өрт кезінде диванның артынан шықпай қойған бүлдіршін көз жұмды

"Анамды күтемін": Өрт кезінде диванның артынан шықпай қойған бүлдіршін көз жұмды

Қарағанды облысы Молодежный ауданы Ақбұлақ ауылында жеке тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Оқиға 13 наурызда болған. 3 жасар Данил 58 жастағы әжесімен үйде қалған. Анасы бұл уақытта жұмысқа шығып кеткен.

 

"Данил менің қасымда ойнап жүрген. Сол кезде кіші қызым маған телефон соғып, сонымен сөйлесіп отыр едім, Данил жүгіріп қашып келді. Қарасам баланың бөлмесі жанып жатыр екен. Мен оны ұстап далаға қарай жүгірейін деп едім, ол жүгірген бойда диванның артына кіріп кетті. Мен оны шығара алмадым. "Данил, шық тез, қашайық" деп қанша айтсам да, ол анамды күтемін, анам келсін деп шықпай қойды", - дейді әжесі Наталья Каримова.

 

Ауыр диванды қанша жанталасса да әжесі қозғай алмаған. Бұл кезде үйдің төбесіне жапсырылған плиткалар өртеніп Натальяның үстіне құлай бастаған. Сол сәт ол жерге полиция да келеді.

 

"Қайдан келгенін білмедім, сол кезде полиция келді. Мен оларға баланы құтқару керектігін айтып, ары қарай жанұшыра көршіме жүгірдім. Өрт сөндірушілерге хабарлас деп едім, оның телефоны істемейді екен. Менің білуімше немерем пештен от әкеліп, өзінің жастығына тығып ойнаған", - дейді Наталья Каримова.

 

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баланы аман алып шыққан. Бірақ ысқа тұншығып қалған бүлдіршін ауруханада қайтыс болды.

 

Тілсіз жау 100 шаршы метр жерді жалмаған.

 

"Маған қазір бәрі "баланы алып шығуға болушы еді, неге құтқармадың оны" деп табалап ұрсып жатыр. Әжесі бола тұрып, мен немеремді ажалға қиямын ба?", - деп еңірегенде етегі жасқа толған Наталья Каримова өзін кінәлі сезінеді.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста