Алматыда арнайы операция жүріп жатыр. Алматы әкімдігі әуежай босатылғанын және қалыпты жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Қалада мегаполисті лаңкестерден босату мақсатында "Бейбіт өмір үшін"/"Во имя мира" арнайы операциясы жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ мемлекеттерінен көмек сұрағаны хабарланған. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Армения, Қырғызстан, Беларусь, Ресей және т.б. елдер кіреді.