Алматының Райымбек көшесінде өрт сөндіру көлігі аударылып қалды. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ, деп хабарлайды Baq.kz.
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру көлігі шақыру бойынша Наурызбай батыр жаққа қарай бет алған. Сол сәтте иномарка арнайы машинаның жолын кесіп өтіп, апатқа себепші болады, деп жазады informburo.kz сайты.
«Өрт сөндірушілер Алматыдағы саяжайлардың біріне тілсіз жауды сөндіруге бара жатқан. Арнайы машинаның жолын белгісіз бір иномарка кесіп өтті. Өрт сөндіру машинасының жүргізушісі соқтығысты болдырмау үшін бұрылмақ болған кезде, көлік аударылды. Машинадан бензин аға бастады. Өрттің тұтануына жол бермес үшін арнай көлікке көбік шашты», - дейді куәгерлер.
Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде