Алматы облысында мектептен шыққан оқушы тоққа түсіп қайтыс болды

Алматы облысында мектептен шыққан оқушы тоққа түсіп қайтыс болды

Алматы облысында мектеп оқушысы пойыздың тоғына түсіп қайтыс болды. Жоғары вольтты тоққа түскен оқушының денесі күйіп кеткен.Бала оқиға орнында бірден  қайтыс болып кеткен. Мектептен кеш шыққан оқушы үйіне қайтарда пойыз жолының бойымен жүрген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Rýhy.kz-ке сілтеме жасап.

«3 наурыз күні сағат 21.30 шамасында Боралдай кентінде оқушы теміржолда тоққа түсіп қайтыс болғанын хабарлайды. Оқыс оқиға Қарасай ауданына қарасты 71 разъезд саяжайларының маңында орын алды.  Оқушының тұрғылықты мекен жайы сол жақта болғандықтан теміржол бойымен үйіне қайтып келе жатқан. Теміржол бойында тоқтап тұрған вагондардың үстіне  шығып алған. Вагондармен электр сымдарының арасы жақын болғандықтан  оқушы тоққа түсіп оқиға орнында көз жұмған. Оқушы көпбалалы, толық отбасынан шыққан, ешқандай есепте тұрмаған»,-деді Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Іле аудандық  білім бөлімінің басшысы Ләззат Каткеева аталған жағдайға қатысты түсініктеме берген.Оқушының  отбасында  кәмелеттік жасқа толмаған алты бала болған. Мектептен қайтқан оқушыны не мұғалімі, не ата-анасы қадағаламаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оншақты жылдан бері аудандық білім бөлімін тапжылмай басқарып келе жатқан Каткеева облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаеваға жағдайды баяндаған. Каткееваның сөзінше оқушы мектептен шыққан. Алайда баланың не себепті кеш тарағаны айтылмаған. 14 жастағы оқушы Боралдай кентіндегі  № 39 гимназияның 8 «Г» сыныбында оқыған.

 

«2008 жылы туылған   8 «Г» сынып оқушысы  Нұрғалаи Жомарт Сұлтанұлы теміржолда тоққа түсіп қайтыс болған. Нұрғали Жомарт Сұлтанұлы  көпбалалы, толық отбасынан шыққан, ешқандай есепте тұрмаған. Әкесі – Қирбаев Султан Нургалиевич, жалдамалы жұмысшы. Анасы – Сидикова Гульмира Сахидуллаевна, үй шаруасында. Жомарт үйдің үлкені»,  - делінген аудандық білім бөлімінің  басшысы жіберген ақпаратта.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста