Алматы облысында бойжеткенді алып қашып, зорламақ болған такси жүргізушісі ұсталды

Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны оны ұрлап, зорламақ болғанын мәлімдеді. Әйел қашу үшін жүріп келе жатқан көліктен секіріп кеткен. Бұл оқиға "НеМолчи" қорында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қарғалы ауылының тұрғыны қалаға баратын автобустар жоқ екеніне шағымданып, такси ұстауға тура келетінін айтты. Оның айтуынша, оған Mersedes көлігі тоқтаған. Әйел Шамалған ауылына дейін баруы керек болғанын айтты. Онда оны құрбысы күтіп тұрған.

 

"Сәл жүрген соң, жүргізуші бағытты өзгертіп, жылдамдығын асырды. Мен бірден мені қайда алып бара жатқанын сұрадым, бірақ ол жауап берген жоқ. Жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеттім. Бірнеше рет аунап, үсті-басым қан-жоса болады. Осы сәтте ол көлікті тоқтатып, маған қарай келді. Мен әзер орнымнан тұрып, жолға қарай жүгірдім. Ол мені қуып жетті. Бар дауысыммен айғайлап, қарсы болғаныма қарамастан сүйреп көлікке апарды. Ол: "Ешкім сені естімейді және құтқармайды", - деді. Ол бұрылып кеткен жерде көлік жүрмейді екен", - деп келтірді жәбірленушінің сөзін "НеМолчи" қоры.

 

Әйел барынша қорғануға тырсқан. Ол бір кезде көліктің маңына басқа ер адам келгенін көргенін айтты.

 

"Мені құтқара алмайтын шығар деп ойладым. Қанша уақыт өткенін, білмеймін, бірақ ол "киін" деді. Заттарымды лақтырды да, мені итеріп жіберді. Көлігіне отырып, қашып кетті. Көліктің артында мемлекеттік нөмірі болған жоқ. Кейін оның алдында көрген ер адам атпен келді, жанында тағы біреу бар. Жүргізуші олардың келе жатқанын көрген екен, ал мен оларды байқамадым. Олар мені құтқару үшін қайтып келген екен", - деді әйел.

 

Осыдан кейін әйел полицияға арыз берген. "НеМолчи" қорының мәліметінше, күдікті ұсталған, бірақ қандай да бір себептермен босатылған.

Тергеушінің айтуынша, күдікті жасаған әрекетін мойындап, өкінетінін айтқан.

 

Алматы облыстық полиция департаменті мәліметінше, 26 тамызда Қарасай аудандық ПБ кезекші бөліміне 34 жастағы әйел белгісіз адамға қатысты шара қолдану туралы арыз берген. Ол 26 тамызда сағат 6.30-да Бекболат кенті маңында, ер адам оны зорлауға тырысқанын айтты.

 

"Факт бойынша ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 1-бөлігі "Зорлауға оқталу" және 126-бабы "Заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті УҰИ-ға қамалды, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Алматы облысы ПД басшылығының тергеу барысы бақылауға алынды", - деп түсіндірді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста