Алматы облысында 14 жастағы қызды анасының көңілдесі зорламақ болған

Алматы облысы Талғар ауданында 14 жастағы қызды анасының көңілдесі зорламақ болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушінің әпкесінің айтуынша, бұл кезде анасы да, ер адам да мас болған.

 

Болған жағдай туралы НеМолчи қорының басшысы Дина Смайылова мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам ұйықтап жатқан қызды шешіндіріп, сүйе бастаған. Осы кезде қыз оянып кеткен. Полиция шақырғанымен, тәртіп сақшылары іс қозғамаған.

 

– Егер сүйсе, демек, денесінде сілекейі қалу керек қой. Бұл биологиялық материал емес пе? Неліктен арызды қабылдамай, қылмыс орнын тексермеген? Не үшін қызды сараптамаға жібермеді? Қорғаушыны шақырып, тергеу барысын неліктен видеоға түсірмеді? Психолог пен балалар омбудсменін неге шақырмаған? Енді дәлелдің барлығы жоғалды және педофилияға қатысты істің жартысы дәл осылай жабылып қалады, – деді Дина Смайылова.

 

Жазбаға қатысты пікір білдірген Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов қылмыстық істің Талғар аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді.

 

– 9 қаңтар күні сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі тергеу барысы мен қорытындысы Алматы облыстық полиция департаментінің бақылауына қойылды, – деді ол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста