2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі теракт құрбаны болған қазақстандық

Осыдан дәл 20 жыл бұрын Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығына жасалған лаңкестік шабуыл әлем тарихында ең сұмдық террактінің бірі болар деп жазады kznews.kz тілшісі. 

 

3000ға жуық жазықсыз жанның өліміне себеп болған оқиға құрбандарының бірі Жанетта Цой (суретте қызы Александрамен) еді.

 

Алғашында ҚР Сыртқы істер министрі егіз мұнарадағы жарылыстан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеді. Ал сараптама ғимараттағы шашылып қалған сүйектердің бірі Жанеттаға тиесілі екенін 7 айдан соң анықтады.

 

2001 жылдың 11 қыркүйегі Жанетта Цой  егіздер мұнарасында орналасқан көп кеңсенің біріндегі алғашқы жұмысы күні. 32 жастағы алматылық Жанетта Цойдың мұнда Marsh & McLennan компаниясының Қазақстандағы кеңсесінен ауысып келген болатын. Аталған компания оған Нью-Йорктегі кеңседе жұмыс істеуге ұсыныс білдірген. 

 

Жанеттаның жолдасы Вячеслав Лигайдың айтуынша Жанетта жұмысқа 17 қыркүйек шығуы тиіс болған. Алайда компания басшылығы одан жұмысқа ертерек шығу туралы өтінішпен шыққан.

 

Оқиғадан кейін ата-анасы, жары Жанеттаны  қайтыс болғандар мен тірі қалғандардың тізімінінен таппады.  Тек арада жеті ай өткеннен кейін ғана медициналық сараптама ғимараттан табылған сүйектердің Жанеттаға тиесілі екенін растап берді.

 

Жанеттаның күйеуі  Вячеслав пен қызы Александра да қазір де Нью-Йоркта тұрып жатыр. Олар жыл сайын  11 қыркүйегінде Жаннетаны еске алып, оның қабіріне барып тұрады. Жанеттаның есімі егіз мұнара орнындағы  «11 қыркүйек» мемориалына ойылып жазылған.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста