18 жастағы өскемендік жігіт интимдік қызмет көрсететін әйелге алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Желтоқсан айының басында Өскемен қаласы ПБ-ның Үлбі кезекші бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған облыс орталығының 18 жастағы тұрғынынан арыз түсті.
Жәбірленушінің айтуынша, сол күні түнгі уақытта интимдік қызмет көрсетемін деп оның пәтеріне келген 25-30 жастағы әйел 11 мың теңгесін алдау жолымен иемденген.
Полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті.
Осылайша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол 33 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты.
Іс жүргізу барысында әйел өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта қаскөйге қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда оған екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.