"Жігіттер" тобындағы Айдар Тұрғанбектің бұрынғы әйелі қазір қайда жүр?
"Жігіттер" тобының белді әншісі Айдар Тұрғанбектің бұрынғы әйелі Раушан Әріп көпшіліктің назарына ілікті. Ол отандық телеарналардың біріндегі таңғы бағдарламаны жүргізуді қолға алған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
"Ана тілі аруы" ретінде көпшіліктің есінде қалған Раушан Әріп "Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбектің бұрынғы әйелі екені баршаға аян. Әншімен отбасылық өмірі жайлы тіс жармай келген бойжеткен бүгінде көпшілік алдына жиі шығып жүр. Ол "Хабар" телеарнасындағы "Таңғы хабар" бағдарламасын жүргізетін болған.
Арудың Instagram парақшасындағы суреттерінен оның Астанада тұрып жатқанын, бұған дейін елордадағы кеңселердің бірінде қызмет еткенін байқауға болады.
Десе де, жас ару өзінің туған жері – Маңғыстауды да естен шығармаған. Ол онда жиі қатынап, қарт Касспийге барып тұрған.
Бүгінде Раушан Әріптің әншіден бір қызы бар. БАҚ беттеріндегі мәліметтерге сәйкес, оның есімі – Нұржанат екен.
Бойжеткен бос уақытын кішкентай қызымен өткізетін сыңайлы. Сондай-ақ, ол бүлдіршінмен бірге түрлі фотосессияға түсіп үлгерген.
Сән әлемінен алшақтап кетсе де, кезіндегі «Ана тілі аруы» белгілі отандық сәнгерлердің киім үлгісін жарнамалайтын фототүсірілімдерге де қатысқан.
Маңғыстау сұлуы арада қанша жыл өткенімен, сұлулығын сол күйі сақтап қалған.
Сондай-ақ, ол көрікті болу үшін, міндетті түрде салонға барудың қажеті жоқ дейді.
"Қазіргі заманғы кез-келген қыз сұлу болып көріну үшін сұлулық салондарының әр түрлі қызмет түрлеріне жүгінетіні белгілі. Өзім салонға жиі баратындар қатарынан емеспін, маңызды даталарда барып қалуым мүмкін, тіпті тойларға да өзім боянып барамын,өйткені талай мэйкап жасаттым, бірақ көбіне көңлім толмайды, көп бояу жараспайтын да сияқты",-деп жазба қалдырған ол.
NUR.KZ