"Хюррем, тоқтаңыз": Әйгілі сериалдың бас кейіпкері тағы да пышақ астына түспек (фото)
Пластикалық операциялардан кейін "Ғажайып ғасыр" телехикаясының жұлдызы 36 жастағы Мерьем Узерлиді жанкүйерлері танымай қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Соңғы кездері 36 жастағы Мерьем Узерлидің сыртқы келбеті қатты өзгеріске ұшырады.
Қалың көрермен телехикаядағы Сүлейманның ғашығын тани алмауда.
"Хюррем" бұнымен тоқтамайтын секілді.
Ол жақында Instagram желісінде жариялаған суреті арқылы оқырмандарын алаңдатып қойды.
Кадрдан Узерлиді атақты пластикалық хирург Саймон Оурианмен тұрғанын байқауға болады.
"Менің сүйікті дәрігерім әрі досым. Жақында сіздермен Лос-Анджелесте кездесемін", - деп жазды актриса фотоның астында.
Саймон - жер шарындағы ең әйгілі пластикалық хирургтардың бірі.
Ол жұлдыздардың бірқатарына ота жасаған.
Бұны көрген желі оқырмандары актрисаға пластикалық операцияға енді жоламауға кеңес берді.
"Пластикалық ота қажет емес", "Хюррем, тоқтаңыз", "Сіз табиғи әдемісіз", "Бұрынғы кездеріңізді сағынамыз", "Операция қажет емес" деді олар.
Айта кетейік, Мерьем Узерли ТМД елдерінің арасында "Ғажайып ғасыр" сериалы кеңінен танылды.
Актриса аталған телехикаяда басты кейіпкер Хюрремнің рөлін сомдады.
Осыдан кейін оның жүз мыңдаған жанкүйерлері пайда болды.
Мерьем Германияда өмірге келгенін, сол елде тұратынын жеткізген.
Ол телехикаядағы рөлі үшін арнайы түрік тілін меңгеріпті.