Танымал әнші Сиви Махмуди хан сарайындай зәулім үйге көшіп, қоныс тойын дүркіретіп атап өтті. Жаңа үйіне ол өнерде жүрген Ескендір Хасанғалиев бастаған майталмандарды шақырып, қонақ етті деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы оның Instagram желісіндегі парақшасынан мәлім болды.
Кең баспалдақты зәулім сарайдағы жиһаздар өзінің әсемдігімен көздің жауын алады.
Versace стиліндегі перделер, алтын түстес ыдыс-аяқ, қонақ күту бөлмесінің сән-салтанаты елді қызықтырмай қоймады.
Сивиді қадір тұтатындар оның үйін мақтап, қоныс тойымен құттықтады.
Ескендір Хасанғалиев, Мақпал Жүнісова, Гүлмира Дайрабай, Айдай Исаева секілді жұлдыздар қонақ болған үйдің дастарханы да көз қызығатындай етіп жасалды.
Өзіне жағымды пікір жазғандарға алғысын жаудырған әнші, "мақтаншақ" деп сөгетін желі қолданушыларына ол өзінің парақшасын айналып өтуге кеңес берді.