Әнші Ақбота Керімбекова ұлының тойында бұрынғы жолдасы, екі баласының әкесін елге арнайы таныстырды. Әншінің бұрынғы күйеуі мен қайын жұрты ұлының тойында қонақ болды.
Әнші екі ұлының әкесі Шалқарды елге таныстырып, әрқашан төріне шығаратынын айтты.
“Бүгінгі қуанышымызға ортақ болған барша ағайын-туысқа рахмет. Шалқар менің екі ұлымның әкесі. Тойға ұлымның әкесі, қайынсіңлілерім, қайныларым келді. Шалқар, саған рахмет. Екеуміздің ұлымыз ғой, ортақ қуаныш. Бұл енді өмір, ол үшін айыптамаңыздар. Қандай жағдай болмасын балаларымның әкесі менің төрімде тұрады”, – деді Ақбота Керімбекова.
Той қонақтары әншінің сөзіне қолдау білдіріп, қошемет көрсетті. Әнші ұлы мен келінінің ақ тілегін айтып, батасын берді.
“Бұның бәрі сендердің беттерің ашық, жарқын болу үшін”, – дейді әнші.
Бұл тілекке желідегі тыңдармандары да қосылып, ақ жарма тілегін жазды.
“Жастар бақытты болсын! Жұптары жазылмасын!”, “Ақбота дұрыс айтып тұр,өмір болған соң бәрі болады. Осындай баласының үлкен тойында әкесінің келгені дұрыс. Балалар бақытты болсын”, “Жаным ау сол, сен де бақытты болшы, Ақботаш”, – дейді пікір жазушылар.
Stan.kz